Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 28.02.2022 № 20-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жуалы ауданында мүгедек қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 7-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3214 болып тіркелген, 2016 жылдың 23 қарашасында электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тармақтың 3) тармақшасындағы "тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);" деген сөздер алынып тасталынсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және интернет – ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жуалы аудандық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Г. Мусаханова |
Жуалы аудандық | |
мәслихат хатшысы | Е. Тлеубеков |