Мойынқұм ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 87 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 мамырда № 4602 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 7 тамыздағы №196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 07.08.2023 №196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда № 11148 болып тіркелді) 102-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мойынқұм ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Калымбетов Бакытжан Алдасугировичке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

      Аудан әкімі М. Мусаев

  Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 30 сәуірдегі
№ 87 қаулысына қосымша

Мойынқұм ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Ауылдық округ атауы

Ауыл атауы

Сауда орындары

1

Ақбақай

Ақбақай

Орталық алаң (Әйтеке би көшесі)

2

Ақсүйек

Ақсүйек

Чехов көшесі

3

Биназар

Биназар

Ауыл орталығы (Айтишев көшесі)

4

Бірлік

Бірлік

Исабеков көшесіндегі наубайхана алдындағы алаң

5

Жамбыл

Жамбыл

Орталық алаң (Ж.Қуанышбаев көшесі)

6

Кеңес

Айдарлы

Орталық көше мен Д.Итбасова көшелерінің қиылысы

Ауыл әкімдігі ғимаратының алаңы

7

Қызылотау

Күшаман

К.Шалабаев көшесі №19 бен №21-ші үйлердің аралығы

8

Қарабөгет

Қарабөгет

Орталық алаң (Сейфуллин көшесі)

9

Қызылтал

А. Назарбеков

Орталық алаң (Қонаев көшесі)

Көкжелек

Орталық алаң (Бекқұлы би көшесі)

10

Қылышбай

Қылышбай

Орталық алаң (Ө.Көшкінбайұлы көшесі)

11

Мирный

Мирный

Ленин көшесі №27 үйдің алды

12

Мойынқұм

Мойынқұм

"Талас" дүкенінің артқы жағы

13

Мыңарал

Мыңарал

Р.Садыков көшесіндегі Жастар саябағы қиылысы

14

Ұланбел

Ұланбел

Сейфуллин көшесі

15

Хантау

Хантау

Ж.Қуанышбаев көшесі 3а мен 3б ғимараттарының аралығы

16

Шығанақ

Шығанақ

Алтынсарин мен Сейфуллин көшелерінің қиылысы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады