Мойынқұм ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 196 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 тамызда № 5071 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2-тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91963 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Мойынқұм ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Мойынқұм ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №87 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 142580 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының Жамбыл облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мойынқұм ауданы әкімі А. Балкыбеков

  2023 жылғы 7 тамыздағы № 196
қаулысына қосымша

Мойынқұм ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері

1

Ақбақай ауылы, Қуанышбаев көшесі №1 мекенжайында орналасқан "Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

40

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)

"Салтанат" азық-түлік дүкені

2

Ақсүйек ауылы, Балхашская көшесі №22 мекенжайында орналасқан "Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

50

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)

жоқ

3

Биназар ауылдық округі, Биназар ауылы, Айтишев көшесі №7 мекенжайында орналасқан "Қасымбек қажы" мешіті ғимаратының оң жағында

5000

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)

"Ғалымжан", "Сержан" азық-түлік дүкендері

4

Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы, Исабеков көшесі №1 мекенжайында орналасқан ғимаратқа қарама-қарсы

2100

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)

"Диас" азық-түлік дүкені

5

Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл ауылы, Танирбергенов көшесі №10 мекенжайында орналасқан "Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

500

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)

"Ерболат", "Сағыныш", "Айым" азық-түлік дүкендері

6

Кеңес ауылдық округі, Айдарлы ауылы, Биназар көшесі №39 мекенжайында орналасқан "Мойынқұм ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

50

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)

"Іске сәт" азық-түлік дүкені

7

Қарабөгет ауылдық округі, Қарабөгет ауылы, Сейфуллин көшесі №11 мекенжайында орналасқан "Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

2800

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)

жоқ

8

Қызылотау ауылдық округі, Күшаман ауылы, Шалабаев көшесі №12 мекенжайында орналасқан "Мойынқұм ауданы Қызылотау ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы

1500

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)

жоқ

9

Қызылтал ауылдық округі, Көкжелек ауылы, Бекқұлы би көшесі №2/1 мекенжайында орналасқан тұрғын үйге қарама-қарсы

300

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)

"Ержан", "Светлана" азық-түлік дүкендері

10

Қылышбай ауылдық округі, Қылышбай ауылы, Көшкімбайұлы көшесі №12а мекенжайында орналасқан тұрғын үйге қарама-қарсы

500

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)

"Инабат" азық-түлік дүкені

11

Мирный ауылы, 1 ықшамаудан №14 мекенжайында орналасқан "Мирный" дүкеніне қарама-қарсы

935

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)

"Мирный", "Алтын" азық-түлік дүкендері

12

Мойынқұм ауылдық округі, Мойынқұм ауылы, Омаров көшесі №6 мекенжайында орналасқан "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мойынқұм ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

540

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)

"Жалғас", "ТБ" азық-түлік дүкендері

13

Мыңарал ауылдық округі, Мыңарал ауылы, Садықов көшесі №23 мекенжайында орналасқан Мойынқұм аудандық мәдениет үйіне қарасты Мыңарал ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына қарама-қарсы

540

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)

"Ақжолтай" азық-түлік дүкені

14

Ұланбел ауылдық округі, Ұланбел ауылы, Сейфуллин көшесі №4 мекенжайында орналасқан "Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

720

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)

жоқ

15

Хантау ауылдық округі, Хантау ауылы, Биназар көшесі №3Б мекенжайында орналасқан "Мойынқұм ауданы Хантау ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы

450

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)

"Сайлаукүл" азық-түлік дүкені

16

Шығанақ ауылдық округі, Шығанақ ауылы, Сейфуллин көшесі №1Б мекенжайында орналасқан "Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

300

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)

жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады