"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мойынқұм ауданында 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Наметкулов Амангелды Наметкуловичке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Мусаев |
Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 88 қаулысына қосымша |
Мойынқұм ауданында 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың төлемақысының мөлшері
Атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы | Бір айға ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге) | |
Тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны | ||
Мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар | |||
Толық күндік шағын орталықтар | 147 | 22276 | 4200 |
Жарты күндік шағын орталықтар | 50 | 8891 | 0 |
Мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар (балабақшалар) | |||
"Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Балбөбек балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 255 | 46124 | 5500 |
"Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ақбөпе балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 140 | 61190 | 5000 |
"Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Сказка балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 40 | 78270 | 4200 |
"Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Бөбек балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 40 | 76710 | 4200 |
"Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Балдәурен балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 55 | 64572 | 4200 |
"Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Балауса балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 45 | 72272 | 4200 |
"Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ақбота балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 55 | 63318 | 4200 |
"Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Самал балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 45 | 66712 | 4200 |
"Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Айгөлек балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 20 | 110312 | 4200 |
"Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Балдырған балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 45 | 58974 | 4200 |
"Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Балапан балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 45 | 63794 | 4200 |
"Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Көгершін балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 32 | 61197 | 4200 |
"Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Құлыншақ балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 175 | 46520 | 5500 |
"Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің НҰР-АЙ балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 40 | 62170 | 4200 |
"Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Қуаныш балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 160 | 38079 | 6000 |