"Мойынқұм ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 қыркүйектегі №28-3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 64-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 қыркүйекте № 4717 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7–бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мойынқұм аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 қыркүйектегі "Мойынқұм ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" № 28-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3952 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 қыркүйек Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың аумақтың әлеуметтік дамуы, білім, мәдениет, тілдерді дамыту, халықтың денсаулығын сақтау, адам құқықтарын қорғау, халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді қорғау, жастар, отбасы және әйелдер ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мойынқұм аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы А. Салибеков
      Мойынқұм аудандық мәслихатының хатшысы Ш. Исабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады