"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, 27-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес Т. Рысқұлов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Т. Рысқұлов ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан квоталар 1, 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
2. "Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Оразхан Руслан Қонысбайұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Т. Рысқұлов ауданы әкімі | Е. Садыркулов |
Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "___" ___________ № ___ қаулысына 1 қосымша |
2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар
№ | Ұйымның атауы | Жыл басындағы қызметкерлер саны (адам) | Белгіленген квота мөлшері | |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар | ||||
Жұмыскер-лердің тізімдік санынан% | Жұмыс орындарының саны (бірлік) | |||
1. | "Қазбек" шаруа қожалығы | 2 | 50% | 1 |
Барлығы: | 2 | 1 |
Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "___" ___________ № ___ қаулысына 2 қосымша |
2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар
№ | Ұйымның атауы | Жыл басындағы қызметкерлер саны (адам) | Белгіленген квота мөлшері | |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар | ||||
Жұмыскер-лердің тізімдік санынан% | Жұмыс орындарының саны (бірлік) | |||
1. | "Жарлысу" жеке кәсіпкер | 2 | 50% | 1 |
2. | "Нұрдаулет" шаруа қожалығы | 2 | 50% | 1 |
Барлығы: | 4 | 2 |