"Т. Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2017 жылдың 12 сәуірдегі № 14-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 53-11 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 сәуірде № 4588 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қазандағы №10-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 30.10.2023 №10-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Т. Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Т. Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2017 жылдың 12 сәуірдегі № 14-5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3414 болып тіркелген, 2017 жылдың 16 мамырында Қазақстан Республикасы электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Қағиданың 7-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) 15 ақпан – бұрынғы КСР Одағының әскерлерін Ауғанстан жерінен шығарған күніне орай - Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғанстанда әскери міндетін өтеу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге, Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;

      2) 26 сәуір – Чернобыль АЭС-індегі апаттың болған күніне орай - Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;

      3) 9 мамырға – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;

      4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне орай - азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді".

      Қағиданың 9-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "9. Өтініші бойынша мерзімді әлеуметтік көмек:

      отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің бес еселік мөлшерінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруымен ауырып, амбулаториялық жағдайда емін жалғастырушы науқасқа ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде және АИТВ-инфекциясы бар балаларға ай сайын екі еселенген ең төменгі көнкөріс деңгейі мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі".

      2. Қағиданың 11-тармағының 2) тармақшасы алып тасталынсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы К. Кульбараков
      Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат
      хатшысы Т. Джаманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады