Қамқалы ауылдық округіне қарасты Жайлаукөл ауылындағы "Механизатор" көшесінің және Қамқалы ауылындағы "Аэропорт" көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Қамқалы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 5 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 мамырда № 4607 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" , Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 8 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Қамқалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарысу ауданы Қамқалы ауылдық округіне қарасты Жайлаукөл ауылындағы "Механизатор" көшесі "Достық" көшесі болып және Қамқалы ауылындағы "Аэропорт" көшесі "Бірлік" көшесі болып өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қамқалы ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы Е. П. Аманжолавқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қамқалы ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Б. Аубакиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады