"Қаратау қаласындағы Горная көшесінің атауын өзгерту туралы" Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы № 209 қаулысы және Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 мамырдағы № 31-3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 177 қаулысы және Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 71-9 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 сәуірде № 4587 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қаратау қаласындағы Горная көшесінің атауын өзгерту туралы" Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы № 209 қаулысы және Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 мамырдағы № 31-3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 100 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрғындарды әлеуметтік – құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талас ауданының әкімі Б. Казанбасов
      Талас аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы М. Несипбаев
      Талас аудандық
      мәслихат хатшысы А. Тулебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады