"Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 44-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 61-4 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 сәуірде № 4575 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 14-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 25.12.2023 № 14-4 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Шу аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №44-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4173 болып тіркелген, 2019 жылы 08 сәуірде нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:

      9 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "9. Бір реттік әлеуметтік көмек атаулы күндер және мерекелі күндерге көрсетіледі.

      1) 9 мамырға – Жеңіс күні:

      1-1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;

      1-2) қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;

      1-3) қаза тапқан (қайтыс болған) соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;

      1-4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалық Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға және Ұлы Отан соғысы жылдарында 6 айдан астам тылда еңбек еткен адамдарға жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;

      1-5) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;

      1-6) Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалық Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамының адамдарына тиісті кезеңде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға еңбек сіңірген жылдарына дейін есептелетін қалаларда болған адамдарға жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;

      1-7) қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалық Одағы мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) - жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      2) 15 ақпанға - Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні:

      2-1) ауғанстанда әскери міндетін өтеу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;

      2-2) кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған айтулы мереке күніне орай бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;

      2-3) ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасына жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;

      2-4) 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілерге жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      3) 26 сәуірге - Чернобыль атом электрстанциясындағы апат болған күн:

      3-1) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді;

      3-2) 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      4) 29 тамызға - Семей полигонының жабылған күні:

      4-1) азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға жылына бір рет облыстың атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Шу ауданының мәслихатының
      сессия төрағасы Н. Кадырбеков
      Шу ауданының
      мәслихат хатшысы Е. Умралиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады