2020 жылы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 61-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 сәуірде № 4580 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы 8 тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудан әкімімен мәлімдеген қажеттілікті ескере отырып, ауданның ауылдық елді мекендеріне 2020 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшері айқындалсын:

      1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып айқындалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шу ауданының мәслихатының сессия төрағасы Н. Кадырбеков
      Шу ауданының мәслихат хатшысы Е. Умралиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады