"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
1) "Әлеуметтік көмек беру туралы" Шу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 25-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3771 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімі;
2) "Шу аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлікті беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3211 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, қоғамдық тәртәпті сақтау, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Шу ауданының | |
мәслихатының сессия төрағасы | Д. Ахметов |
Шу ауданының | |
мәслихат хатшысы | Е. Умралиев |