"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шоқпар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шоқпар ауылдық округінің Шоқпар бекетіндегі Школьная көшесі Балуан Шолақ көшесі болып өзгертілсін:
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шоқпар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Марияш Маратқызы Летчиковаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шоқпар ауылдық округінің әкімі | Р. Шоңбаев |