2020 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 10/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 ақпанда № 5710 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17583 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ___________
      2020 жылғы "__"_______

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 20 ақпаны
№ 10/01
қаулысына қосымша

2020 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

№ реттік саны

Тауарлық балық өнімдерінің түрлері

2020 жылға өнім өндірісінің жоспарланған көлемі, килограмм

Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерінің 1 килограмм өндірісіне азық шығындарына берілетін субсидиялардың бекітілген нормативі, килограмм

Бекітілген норматив бойынша жалпы азық шығыны, килограмм (3 бағана х 4 бағана)

1 килограмм өнімге шығындар есебінен балықтар азығына берілетін субсидиялардың бекітілген шекті сомасы, теңге

Азық сатып алуға жұмсалатын барлық шығын, мың теңге (5 бағана х 6 бағана)

Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өзіндік құнын арзандату үшін жоспарланған субсидиялардың көлемі, мың теңге (азық сатып алуға жұмсалатын барлық шығынның 30%)

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Албырт және оның буданы

11000

1,2

13200

270

3 564

1 069 000

2

Бекіре және оның буданы

3000

1,5

4500

285

1283

385 000

3

Тұқы және оның буданы

229961

4

919844

105

96 584

28 975 000


БАРЛЫҒЫ






30 429 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады