"САРЫ-АРҚА" магистральдық газ құбырының орналастыру үшін Қарағанды облысының аумағындағы жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 23/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 18/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 наурызда № 5761 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2012 жылғы 22 маусымдағы "Магистральдық құбыр туралы" заңдарына, "КазТрансГаз" 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 1-40-3478 және "АстанаГаз ҚМК" акционерлік қоғамдарының 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 01-08/15 өтініштеріне, "Сарыарқа" МГ салу" (1-ші кезең. "Қызылорда-Астана" МГ учаскесі) жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы сатып алу-сату 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 09/38-АГ/04 шартына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "САРЫ-АРҚА" магистралдық газ құбырының орналастыру үшін Қарағанды облысының аумағындағы жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 23/02 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4800 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 маусымда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде, "Индустриальная Караганда" газетінің 2018 жылғы 9 маусымдағы № 62 (22321) және "Орталық Қазақстан" газетінің 2018 жылғы 9 маусымдағы № 61 (22513) газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы қаулының қосымшасына сәйкес, көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 26 наурызы
№ 18/04
қаулысына қосымша
  Қарағанды облысы әкімдігінің
2018 жылғы 22 мамырдағы
№ 23/02 қаулысына қосымша

№ р/н

Аудандардың атаулары

Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, гектар

1

Ұлытау ауданы

1381,8265

2

Жаңаарқа ауданы

867,3929

3

Шет ауданы

30,2

4

Абай ауданы

434,2266

5

Бұқар жырау ауданы

346,9562

6

Осакаров ауданы

176,0310


Барлығы

3236,6332


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады