Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 35/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 маусымда № 5857 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші осы қаулының қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 3 маусымы
№ 35/01
қаулысына қосымша

Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізімі

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 50/06 "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3431 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 21 қазанда, 2015 жылы 29 қазанда № 151-152 (21902-21903) "Индустриальная Караганда" және 2015 жылы 29 қазанда № 175-176 (22 060) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).

      2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 43/08 "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 50/06 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3920 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 04 тамызда жарияланған).

      3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 67/05 "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 50/06 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4442 болып тіркелген, 2017 жылы 25 қарашада № 133 (22246) "Индустриальная Караганда" және 2017 жылы 25 қарашада 132 (22435) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылы 28 қарашада жарияланған).

      4. Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 39/03 "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 50/06 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5402 болып тіркелген, 2019 жылы 06 шілдеде № 73 (22477) "Индустриальная Караганда" және 2019 жылы 06 шілдеде № 73 (22 669) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылы 10 шілдеде жарияланған).

      5. Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 75/05 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3641 болып тіркелген, 2016 жылы 04 ақпанда № 15 (21960) "Индустриальная Караганда" және 2016 жылы 04 ақпанда № 22-23 (22 128) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, 2016 жылы 05 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 67/06 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 75/05 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4441 болып тіркелген, 2017 жылы 28 қарашада № 134 (22247) "Индустриальная Караганда" және 2017 жылы 28 қарашада № 133 (22440) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылы 28 қарашада жарияланған).

      7. Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 53/02 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 75/05 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5481 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылы 18 қыркүйегте, 2019 жылы 26 қыркүйегте № 106 (22 702) "Орталық Қазақстан" және 2019 жылы 26 қыркүйегте № 106 (22510) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған).

      8. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 02/02 "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3665 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 24 ақпанда жарияланған).

      9. Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 67/04 "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 02/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4443 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылы 24 қарашада, 2017 жылы 25 қарашада № 133 (22246) "Индустриальная Караганда" және 2017 жылы 25 қарашада № 132 (22435) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).

      10. Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 54/01 "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3441 болып тіркелген, 2015 жылы 22 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылы 29 қазанда № 151-152 (21902-21903) "Индустриальная Караганда" және 2015 жылы 29 қазанда № 175-176 (22 060) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).

      11. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қазандағы № 76/04 "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 54/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4029 болып тіркелді, 2016 жылы 03 желтоқсанда № 155 (22100) "Индустриальная Караганда" және 2016 жылы 03 желтоқсанда № 192 (22 297) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, 2016 жылы 05 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      12. Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 55/04 "Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 54/01 "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4356 болып тіркелді, 2017 жылы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады