Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 14.03.2022 № 14/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асыратын органдар заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің белгіленген бөлігін бюджетке толық және уақытылы аударуына бақылау жүргізсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 35/02 қаулысына қосымша |
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 14.03.2022 № 14/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін облыстық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:
таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейiн | таза кіріс сомасынан 5 пайыз |
таза кіріс 3 000 001 теңгеден | 3 000 000 теңге мөлшердегi таза кірістен асқан сомадан 150 000 теңге + 10 пайыз |
таза кіріс 50 000 001 теңгеден | 50 000 000 теңге мөлшердегi таза кірістен асқан сомадан 4 850 000 теңге + 15 пайыз |
таза кіріс 250 000 001 теңгеден | 250 000 000 теңге мөлшердегi таза кірістен асқан сомадан 34 850 000 теңге + 25 пайыз |
таза кіріс 500 000 001 теңгеден | 500 000 000 теңге мөлшердегi таза кірістен асқан сомадан 97 350 000 теңге + 30 пайыз |
таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары | 1 000 000 000 теңге мөлшердегi таза кірістен асқан сомадан 247 350 000 теңге + 50 пайыз |
2. Денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
3. Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі кәсіпорынды дамытуға, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асыратын органмен келісілген нақты жобаларға жұмсалсын.