Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 29/06 "Қарағанды облысы әкімдігінің білім саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту бойынша кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3323 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық актілер жүйесінде, 2015 жылғы 13 тамызда "Орталық Қазақстан" № 128 (22 013) және "Индустриальная Караганда" № 113-114 (21864-21865) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |