Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 7 шілдедегі № 42/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 шілдеде № 5942 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 7 шілдесі
№ 42/01
қаулысына қосымша

Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізімі

      1. "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 18/02 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3765 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 мамырда № 57-58 (22002-22003) "Индустриальная Караганда", № 76 (22181) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, 2016 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 18/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 05/01 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4154 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 наурызда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 11 наурызда № 28 (22141) "Индустриальная Караганда", № 28 (22335) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).

      3. "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 18/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 65/02 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4430 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 қарашада № 127 (22240) "Индустриальная Караганда", № 126 (22433) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, 2017 жылғы 13 қарашада электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады