Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 44/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 шілдеде № 5958 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 17 шілдесі
№ 44/02
қаулысына қосымша

Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 27/04 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекiту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3298 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдедегі "Индустриальная Караганда" № 94 (21845), 2015 жыл 2 шілдедегі "Орталық Қазақстан" № 107-108 (21993) газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 шілдеде жарияланған).

      2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 66/01 "Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 27/04 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3972 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қазандағы "Индустриальная Караганда" № 134 (22 079), 2016 жыл 15 қазандағы "Орталық Қазақстан" № 170 (22 275) газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 қазанда жарияланған).

      3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 30/01 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекiту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 27/04 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4863 болып тіркелген, электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 23 шілдеде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады