Қарағанды облысының Қарағанды, Қаражал және Балқаш қалаларының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 81/03 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 595 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 желтоқсанда № 6130 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 27 тамыздағы қорытындысы және Қарағанды қалалық мәслихатының 2020 жылғы 13 қаңтардағы, Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 қаңтардағы, Балқаш қалалық мәслихатының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы көпшілік тыңдаулары қорытындысы туралы хаттама негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысы Қарағанды қаласындағы келесі құрамдас бөліктер:

      Аманжолов көшесі – Балқантау көшесі;

      Волочаевская көшесі – Камали Дүйсембеков көшесі;

      Защитная көшесі – Григорий Потанин көшесі;

      Зональная көшесі – Александр Затаевич көшесі;

      Кривогуз көшесі – Қасым Аманжолов көшесі;

      Кувская көшесі – Қазыбек Нұржанов көшесі;

      Нұржанов көшесі – Мерей көшесі;

      Олимпийская көшесі – Нарманбет Төлепов көшесі;

      Приканальная көшесі – Сарыарқа көшесі деп қайта аталсын.

      2. Қарағанды облысы Қаражал қаласындағы келесі құрамдас бөлік:

      Ленин көшесі – Тәуелсіздік көшесі деп қайта аталсын.

      3. Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы келесі құрамдас бөліктер:

      8 шағынаудан – Қазыбек Нұржанов шағын ауданы;

      8 март көшесі – 8-наурыз көшесі;

      Больничная көшесі – Мейірім көшесі;

      Восточная көшесі – Күнгей көшесі;

      Горняцкая көшесі – Кеншілер көшесі;

      Железнодорожная көшесі – Теміржолшылар көшесі;

      Мир көшесі – Жүніс Әбуғалиев көшесі;

      Новорудная көшесі – Тораңғы көшесі;

      Октябрьская көшесі – Қайнар көшесі;

      Привокзальная көшесі – Тікшоқы көшесі;

      Садовая көшесі – Бегалы көшесі;

      Степная көшесі – Жусанды көшесі;

      Цветочная көшесі – Руханият көшесі;

      Центральная көшесі – Аманат көшесі;

      Школьная көшесі – Жерұйық көшесі;

      Уалиханов көшесінің Рысқұлов көшесінен Жезқазған көшесіне дейінгі аралығындағы бөлігі – Ақтоғай көшесі;

      таратылған Қоңырат кентіндегі Степная көшесі – Теміршоқы көшесі;

      таратылған Қоңырат кентіндегі 5 орам – Ырысты орамы;

      Больничный городок орамы – Шипагер орамы;

      Ботсад орамы – Ақшоқы орамы;

      Ветераны орамы – Ардагер орамы;

      Рембаза орамы – Ақшағыл орамы;

      Техснаб орамы – Шиліауыз орамы;

      Индустриальный тұйық көшесі – Тоқырауын тұйық көшесі;

      Лазо тұйық көшесі – Бертіс тұйық көшесі;

      Луначарский тұйық көшесі – Шалқар тұйық көшесі;

      Прокатчиков тұйық көшесі – Мысшылар тұйық көшесі деп қайта аталсын.

      4. Балқаш қаласының орталығында М.Хамзин атындағы мәдениет сарайынан Желтоқсан көшесіне дейін орналасқан атауы жоқ скверге – "Жастар" атауы берілсін.

      5. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      6. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек
      Сессия төрағасы И. Ахмеев
      Қарағанды облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы С. Адекенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады