Қарағанды қалалық мәслихатының VIII сессиясының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 91 "Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сиппатамасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 518 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 маусымда № 5887 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына, "Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20463 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының VIII сессиясының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 91 "Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сиппатамасын бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4062 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2017 жылдың 5 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарағанды қалалық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О. Нурказов
      Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы К. Бексултанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады