Балқаш қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 30/03 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 тамызда № 23861 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актiлер туралы" Заңына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Балқаш қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкім аппаратының басшысы Руслан Косемгалиулы Сыздыковқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі О. Таурбеков

  Балқаш қаласының
әкімдігі
2021 жылғы 29
шілдедегі
№ 30/03
қаулысымен бекітілген

Балқаш қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 08/02 "Балқаш қаласы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) қаулысы;

      2. Балқаш қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 08/01 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5715 болып тіркелген) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады