"Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 56/04 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 желтоқсанда № 21759 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 12 қарашадағы № 58/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 12.11.2024 № 58/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңдарына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану Қағидасы бекітілсін.

      2. "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкім аппаратының басшысы Руслан Косемгалиулы Сыздықовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі О. Таурбеков

  Балқаш қаласының
әкімдігі
2020 жылғы 10
желтоқсаны
№ 56/04
қаулысымен бекітілген

"Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану Қағидасы

      1. "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану Қағидасы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 35-бабына сәйкес әзірленді және Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне келесі көтермелеулер қолданылады:

      1) біржолғы ақшалай сыйақы;

      2) алғыс жариялау;

      3) грамотамен марапаттау;

      4) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.

      3. Нақ сол ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге бір ғана көтермелеу қолданылады.

      4. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар тапсырмаларды орындағаны үшін және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.

      5. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу құрамы Балқаш қаласының әкімімен бекітілетін комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) шешімі негізінде жүргізіледі.

      6. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі үшін ай сайын бір жолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.

      Осы тармақта көзделген біржолғы ақшалай сыйақы төлемі Аппараттың бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспары бойынша қаржыны үнемдеу жолымен жүзеге асырылады.

      7. Ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар міндеттерді орындағаны және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша Аппараттың мемлекеттік қызметшілері комиссия ұсынымдары негізінде Балқаш қаласы әкімінің өкімімен біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.

      8. Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, қызметте жоғары нәтижеге қол жеткізгені, аса маңызды міндеттерді шешуге қосқан жеке үлесі үшін Аппараттың мемлекеттік қызметшілері Балқаш қаласы әкімінің грамотасымен марапатталады.

      9. Мемлекеттік қызметшілерге ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, Аппарат басшылығының тапсырмаларын тиісті және адал атқарғаны үшін Қала әкімінің алғысы жарияланады.

      Қала әкімінің грамотасымен және алғысын жариялаумен көтермелеу туралы шешімді Комиссия қабылдайды және Балқаш қаласы әкімінің өкімімен жүргізіледі.

      10. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін Балқаш қаласы әкімінің грамотасымен және алғысын жариялаумен көтермеленуді есепке алуды Аппараттың персоналды басқару қызметі мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына деректерді енгізе отырып жүргізеді.

      11. Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеудің өзге нысандары Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қолданылады.

      12. Мемлекеттік қызметшілер көтермелеуге жатпайды:

      1) тәртіптік жазалары алынбаған;

      2) сынақ мерзімін өтеу кезеңінде;

      3) "Б" корпусының мемлекеттік қызметшілері оларға қатысты ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы тексеру жүргізуі кезеңінде;

      4) Аппаратта бір айдан кем жұмыс істегендер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады