Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 13 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 қаңтарда № 5695 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының 2%-дан 4%-ға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға арналған квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Д. Джакуповқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаражал қаласының әкімі Т. Досаев

  Қаражал қаласының
әкімі
2020 жылғы 30 қаңтары
№ 13
қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (%) қызметкерлердің тізімдік санынан

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1.

"Қаражал қаласының Орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

102

3

3

2.

"Karazhal Operating (Каражал Оперейтинг)" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100

2

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады