Қаражал қалалық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 374 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 мамырда № 5827 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңына сәйкес, Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:

      1. Қаражал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы XXXXIX сессиясының №418 "Қаражал қаласының аумағында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3751 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 23 сәуірде № 18 (797) "Қазыналы өңір" газетінде, 2016 жылғы 29 сәуірде "Әділет" ақпаратттық-құқықтық жүйесінде жариялаған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Сессия төрағасы Т. Касимов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы З. Оспанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады