Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.
2. "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі және Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының басшысына және әкім орынбасарларына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қаласының әкімі | А. Идрисов |
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 71/01 қаулысымен бекітілген |
"Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары
1. "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану жөнінде осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін анықтайды.
2. "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылады:
1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;
2) алғыс жариялау;
3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
4) грамотамен марапаттау;
5) құрметті атақ беру;
6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 18.10.2023 № 70/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Мемлекеттік қызметшіге бір ерекшелігі үшін бір көтермелеу ғана қолданылады.
4. "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша көтермеленеді.
5. "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін біржолғы ақшалай сыйақымен көтермелеу, құрамы қала әкімінің өкімімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу мәселелері жөніндегі Бірыңғай комиссиясының шешімінің негізінде жүргізіледі (бұдан әрі – Комиссия).
6. Біржолғы ақшалай сыйақы төлемі "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне Сәтбаев қаласы әкімінің өкімі негізінде, ал Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын өзге де атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне тиісті атқарушы орган басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік қызметшілерге ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, тапсырмаларды тиісті және адал атқарғаны үшін Сәтбаев қаласы әкімінің алғысы жарияланады.
8. Мемлекеттік қызметшілер Сәтбаев қаласы әкімінің грамотасымен қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарған, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген, "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі және Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган алдына қойған ерекше маңызды тапсырмаларын шешуде қосқан жеке үлесі үшін марапатталады.
9. Грамота және алғыс жариялау мемлекеттік немесе орыс тілдерінде әзірленеді және Сәтбаев қаласы әкімінің қолы қойылады.
10. Сәтбаев қаласы әкімінің грамотасымен және алғысын жариялаумен көтермелеу туралы шешім "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдардың бірінші басшыларының ұсынымдары бойынша қабылданады.
"Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қала әкімінің грамотасымен көтермелеулерін есепке алу қала әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі, көтермелеу бойынша мәліметтерді мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына енгізумен жүргізеді.
11. Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеудің басқа формалары қолданылады.
12. Мемлекеттік қызметшілер мына жағдайларда көтермелеуге жатпайды:
1) алып тастамаған тәртіптік жазасы болса;
2) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;
3) "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісіне қатысты Ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы тексеруі кезінде;
4) мемлекеттік органда бір айдан аз жұмыс істегендер.