Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 71/01 "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 18 қазандағы № 70/01 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 қазанда № 61-20 болып тіркелді

      Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 71/01 "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21828 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларында:

      2 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "2. "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Сәтбаев қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылады:

      1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;

      2) алғыс жариялау;

      3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

      4) грамотамен марапаттау;

      5) құрметті атақ беру;

      6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі Ш. Әубәкір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады