"Тіркелген салық ставкаларының бірыңғай мөлшерін тағайындау туралы" Саран қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 278 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 201 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 шілдеде № 5930 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Тіркелген салық ставкаларының бірыңғай мөлшерін тағайындау туралы" Саран қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 278 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4805 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Мәслихат хатшысы, сессия төрағасы О. Баймаганбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады