Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2003 жылы туған ер азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 қаңтарда № 5677 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына сәйкес, Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2003 жылы туған ер азаматтарды тіркеуді өткізу және оларды әскери есепке алу мақсатында, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2003 жылы туған ер азаматтарды тіркеу 2020 жылдың 01 сәуіріне дейін ұйымдастырылсын.

      2. Абай ауданының қала, кент, ауылдық округтар және ауыл әкімдері 2003 жылы туған жасөспірімдердің Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы М. Магзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады