Ауданішілік қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 39/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 шілдеде № 5986 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына сәйкес, 2020 жылғы 06 мамырдағы № 63/677 "Тұрақты әлеуметтік маңызы бар жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тарифін келісу туралы" Абай ауданының мәслихатының 63 сессияның шешіміне сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Есенгелді-Сарепта-Абай №102 маршрутына ауданішілік қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға 400 (төрт жүз) теңге тариф белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Абай ауданының әкімі Б. Асанов

      Келісілді:

      Абай аудандық маслихатының хатшысы
      Б. Цай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады