Ақтоғай аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 387 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 мамырда № 5838 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:

      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 мамырдағы 24 сессиясының № 216 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және жер салығының базалық мөлшерлемесін арттыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4815 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 22 маусымда № 26 (7656) "Тоқырауын тынысы" газетінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 19 маусымда жариялаған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Кулымжанов
      Ақтоғай аудандық мәслихат хатшысы Р. Абеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады