Үштөбе ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылдық округінің әкімінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 10-ш шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 желтоқсанда № 21897 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңның 14 бабының 4) тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңынның 35 бабының 2 тармағының негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Үштөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылдық округінің көшелері:

      1) Новая Садовая көшесі Болашақ көшесіне;

      2) Садовая көшесі Әлия Молдағұлова көшесіне;

      3) Центральная көшесі Мұхтар Әуезов көшесіне;

      4) Октябрьская көшесі Ахмет Байтұрсынов көшесіне;

      5) Ленинградская көшесі Абай көшесіне;

      6) Юбилейная көшесі Бауыржан Момышұлы көшесіне;

      7) К.Маркса көшесі Мәншүк Мәметова көшесіне;

      8) Шоссейная көшесі Қабанбай батыр көшесіне;

      9) Мира көшесі Бейбітшілік көшесіне;

      10) Тельман көшесі Тәуелсіздік көшесіне;

      11) МТФ-5 көшесі Атамұра көшесіне;

      12) Шоссейный тупик 1 көшесі Ынтымақ көшесіне;

      13) Шоссейный тупик 2 көшесі Достық көшесіне;

      14) Камская көшесі Бәйтерек көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Үштөбе ауылдық округінің әкім орынбасары Алем Қайржановна Копбаеваға жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үштөбе ауылдық округінің әкімі С. Шаяхов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады