Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының II сессиясының 2016 жылғы 11 мамырдағы №2/18 "Жаңаарқа ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3833 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 04 маусымдағы № 26-27 (9757) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | О. Айтжанов |
Жаңаарқа аудандық мәслихат хатшысы | К. Имантусупов |