Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы XXV сессиясының № VI-25/222 "Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4701 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 24 сәуірде және 2018 жылғы 28 сәуірде № 33-34 (11658) "Қарқаралы" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы | С. Нуркенов |