Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Verbier Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылдық округі жерінен барлау жұмыстарын жүргізу үшін, жер және табиғат қорғау заңнамалары талаптарын ұстанумен жер учаскелерін алып қоймай, 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін мерзімге жалпы көлемі - 4528,1964 гектар жер учаскесін пайдалануға қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Verbier Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барлау жұмыстарын жүргізу мерзімдері мен орнын, шығындарды өтеу және жерді нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға және жарамды күйге келтіру үшін "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен және жер пайдаланушылармен келісім шарт жасауға.
3. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес жұмыстар жүргізсін.
4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Э. Дюсетаев |