"Altyn Group Qazaqstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға қауымдық сервитут белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 336 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 қыркүйекте № 6047 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Altyn Group Qazaqstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының босалқы жерінен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін, жер және табиғат қорғау заңнамалары талаптарын ұстанумен жер учаскелерін алып қоймай, 2022 жылдың 26 маусымына дейін мерзімге жалпы көлемі - 197,5 гектар жер учаскесін пайдалануға қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Altyn Group Qazaqstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі барлау жұмыстарын жүргізу мерзімдері мен орнын, шығындарды өтеу және жерді нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға және жарамды күйге келтіру үшін "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен және жер пайдаланушылармен келісім шарт жасасын.

      3. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес жұмыстар жүргізсін.

      4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Э. Дюсетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады