"Алтай полиметаллы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне автомобиль жолын салу және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 334 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 қыркүйекте № 6050 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Алтай полиметаллы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Шарықты, Қоянды, М.Мамыраев, Қаршығалы ауылдық округтері жерінен автомобиль жолын салу және пайдалану үшін, жалпы көлемі – 140,79 гектар жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Алтай полиметаллы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі автомобиль жолын салу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсін.

      3. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Э. Дюсетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады