Құланөтпес ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Құланөтпес ауылының әкімінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 5 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 тамызда № 6014 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Құланөтпес ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Құстар арасынан сальмонеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, Құланөтпес ауылының аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Құланөтпес ауылы әкімінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 2 "Құланөтпес ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5861 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 маусымдағы № 23 (5670) "Нұра" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2020 жылы 16 маусымда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      А. Алькенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады