Төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қаңтарда № 5693 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімінің 18.02.2021 № 1 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссия отырысының 2020 жылғы 26 қаңтардағы № 1 хаттамасына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ұлытау ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшылығын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізуін бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Іс-шаралардың жүргізілуін төтенше жағдайларды жою жөніндегі жедел штабқа тапсырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 26 қаңтарынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.

      Ұлытау ауданының әкімі Б. Әбдіғалиұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады