Ұлытау ауданы әкімінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 3 "Төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күші жою туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 23 ақпанда № 6201 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ұлытау ауданы әкімінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 3 "Төтенше жағдай жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 5693 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылы 31 қаңтарда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Ұлытау ауданы әкімінің міндетін атқарушы Б. Байжантаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады