"2020 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 161 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 5 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 7334 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 18404 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2020 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 161 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7234 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген 2020 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Б. Намаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Г. Абдыкаликова

  Қызылорда облысы әкімдігінің
  2020 жылғы 1 сәуірі
  № 5 қаулысына қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің
  2020 жылғы "5" ақпандағы
  № 161 қаулысымен бекітілген

2020 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем
бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидия көлемі

бас,
тонна

мың
теңге

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:





1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы 

бас/
шағылыстыру маусымы

10000

45000

450000

1.2

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы*

20000

3000

60000

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас/
шағылыстыру маусымы

100000



3.

Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

сатып
алынған бас

150000

1100

165000

4.

Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу*

225000

1600

360000

5.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату

тірідей салмағы, килограмм

200

1000

200000

6.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

қосқан салмағы, килограмм

200

65,4

13080

7.

Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады)

өндірілген сиыр етінің килограмы

175



Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу:





1.1

бір жынысты

сатып
алынған доза

10000

2200

22000

1.2

қос жынысты

5000



2.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:





2.1

отандық немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен әкелінетін шетелдік

сатып
алынған бас

150000

240

36000

2.2

Аустралия, Америка Құрама Штаттары, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген*

225000



3.

Сүт өндіру құнын арзандату:





3.1

бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық

өткізілген немесе өңделген килограмм

35

6200

217000

3.2

бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық

20



3.3

бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

10



3.4

Ауыл шаруашылығы кооперативі

10

50,9

509

4.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау

ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы

5000

5000

25000

5.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас/ шағылыстыру маусымы

100000



6.

Эмбриондарды телу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау

бас

80000



7.

Сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық басының және толықтыратын мал басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату*/ **

бас

240000

1640

393600

Қой шаруашылығы

1.

Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау

ұрықтандырылған бас/ шағылысу маусымы

1000

26000

26000

2.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:





2.1

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

бас/
шағылысу маусымы

2500

71000

177500

2.2

Қойлардың тауарлық аналық басы

1500

115000

172500

3.

Асыл тұқымды қойлар сатып алу

сатып алынған бас

8000

5900

47200

3.1

Асыл тұқымды ешкілердің аналық басын сатып алу**

40000



4.

Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу

бас/ шағылысу маусымы

10000

340

3400

5.

Қозы өткізу құнын арзандату

өткізілген бас

3000

10000

30000

Жылқы шаруашылығы

1.

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

сатып алынған бас

100000

200

20000

2.

Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

килограмм

60

65

3900

Түйе шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу

сатып алынған бас

100000

5

500

2.

Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

килограмм

55

90

4950

Балара шаруашылығы

1.

Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

балара ұясы/маусым

5000

800

4000

Барлығы

х

х

х

2432139,0

      Ескертпе:

      * - жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде және/немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлінген кезде субсидиялау нормативтерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 18404 нөмірімен тіркелген) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау Қағидаларының 4-тармағына сәйкес Министрлікпен келісім бойынша белгіленген нормативтен 50 пайызға дейін және мал азығын субсидиялау бойынша 100 пайызға дейін ұлғайтуға жол беріледі;

      ** - жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінгенде.

      Асыл тұқымды жануарлардың барлық түрлерін, етті бағыттағы құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын, асыл тұқымды құстан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу бекітілген нормативке дейін, бірақ оны сатып алу құнының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде субсидияланады.

      Отандық асыл тұқымды ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын сатып алу қаржы институтымен кредит беру шарты болған кезде субсидияланады, бұл ретте субсидиялар кредитті өтеу есебіне арнайы шотқа аударылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады