"Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 338 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 68 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 шілдеде № 7561 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 346 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 27.08.2021 № 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 338 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5382 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылғы 15 наурызда және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы жекешелендірілетін акционерлік қоғамының акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысуындағы мемлекеттің үлесі, сондай-ақ, мүліктік кешен ретінде заңды тұлғалар тізбесінде:

      реттік нөмірлері үшінші және төртінші жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

3.

"Қайсар" Қызылорда облыстық футбол клубы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 51 % қатысу үлесі

қараша 2020 жыл

5 жыл мерзімімен кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқару

4.

"Сыр медиа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 51 % қатысу үлесі

қараша 2020 жыл

7 жыл мерзімімен кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқару

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасарлары Н.Ш. Тілешевке, С.Ә. Ахметке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Г. Абдыкаликова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады