"Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2020 жылғы 10 тамыздағы № 1 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 тамызда № 7578 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5838 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысы Б.Пшановқа жүктелсін.

      3. Осы нормативтік қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысы бойынша тексеру
комиссиясының төрағасы
С. Кулумбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады