Акциялардың мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 143 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 желтоқсанда № 7886 болып тіркелді

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы1 наурыздағы Заңының 186-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Акциялардың мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемдері таза табысынан кемінде 50 (елу) пайыз болып белгіленсін.

      2. "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Ш. Тілешевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелікон күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Г. Абдыкаликова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады