Қызылорда облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 151 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 522 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 7934 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 3, 2020 жылғы 28 қазандағы № 2 қорытындыларына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда облысының келесі ауылдары мен ауылдық округтері:

      1) Арал ауданының Октябрь ауылдық округі "Аққұм" атауымен;

      2) Қазалы ауданының Қарашеңгел ауылдық округінің Водокачка ауылы "Шитүбек" атауымен;

      3) Шиелі ауданының Ақмая ауылдық округінің Полуказарма ауылы "Қосарық" атауымен;

      4) Шиелі ауданының Алмалы ауылдық округінің Лесхоз ауылы "Тоғайлы" атауымен;

      5) Шиелі ауданының Гигант ауылдық округі "Бәйтерек" атауымен;

      6) Шиелі ауданының Төңкеріс ауылдық округі "Тұран" атауымен;

      7) Жаңақорған ауданының Бесарық ауылдық округі "Жаманбай батыр" есімімен қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Г. Абдыкаликова
      Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 51-сессиясының төрағасы Н. Амитов
      Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы К. Бисенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады