Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 1707 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 мамырда № 7430 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі №1, 2019 жылғы 10 желтоқсандағы №3 қорытындыларына сәйкес, Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округінің Ж.Маханбетов ауылындағы:

      1) №11 көшеге (Петр Тлепбаев көшесімен қиылысатын) "Әліарыстан Иманбердиев" есімі;

      2) №9 көшеге (Петр Тлепбаев көшесімен қиылысатын) "Әлди Әбеев" есімі;

      3) атауы жоқ көшеге "Баймолда Әлімов" есімі;

      4) №7 көшеге (Петр Тлепбаев көшесімен қиылысатын) "Құрымбек Жөнбаев" есімі;

      5) №13 көшеге "Мырзаш Ерімбетов" есімі;

      6) №10 көшеге "Әжібек Смайылов" есімі;

      7) №14 көшеге "Шайзада Атеев" есімі;

      8) №31 көшеге "Нәзира Бәйімбетова" есімі;

      9) №7 көшеге "Кенжегүл Иманбердиева" есімі;

      10) №39 көшеге "Жұмаділдә Әубәкіров" есімі;

      11) №13 көшеге (Петр Тлепбаев көшесімен қиылысатын) "Сейдалы Стамбеков" есімі;

      12) №11 көшеге "Ералы Боранқұлов" есімі;

      13) №17 көшеге "Төлеубай Бекмұратов" есімі;

      14) №2 "А" көшеге "Теңгеш Ақмырзаева" есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Н.Садирбаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі М. Ақмырзаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады