Көшелерге атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 30-қ қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 323 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 наурызда № 7298 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 3 қорытындысына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арал қаласының келесі көшелеріне:

      1) атауы жоқ көшеге "Әби Бисенбаев" есімі;

      2) атауы жоқ көшеге "Талекен Сырымов" есімі берілсін.

      2. Арал қаласының "Космонавт" көшесі "Мақаш Балмағанбетов" есімімен қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданының әкімі М. Уразбаев
      Арал аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
А. Садуакасова
      Арал аудандық
мәслихатының хатшысы
Д. Мадинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады