"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8-бабы, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормалары, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы | А. Садуакасова |
Арал аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Мадинов |
Арал аудандық мәслихатының | |
2020 жылғы 24 маусымы | |
№ 371 шешіміне қосымша |
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормалары, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары
1. Арал ауданы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мынадай арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары айқындалсын:
1) жиналыстар, митингілер ұйымдастыру және өткізу үшін:
"Темір бақты" белгісінің аумағы (Арал қаласы, А. Байтұрсынов көшесі нөмірсіз), шекті толу нормасы – 80 адамға дейін;
"№ 19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы Жалаңтөс Баһадүр ескерткішінің аумағы (Арал қаласы, А. Иманов көшесі нөмірсіз), шекті толу нормасы – 600 адамға дейін;
"№ 20 Арал ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы ашық алаң (Жақсықылыш кенті, Д. Менделеев көшесі № 1 "в"), шекті толу нормасы – 400 адамға дейін;
"Сексеуіл ауылдық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жанындағы алаң (Сексеуіл кенті Т. Әубәкіров көшесі №1), шекті толу нормасы – 300 адамға дейін;
"Ақбай ауылдық клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аумағы (Ақирек ауылдық округі, Ақбай елді мекені, Ақбай көшесі № 151), шекті толу нормасы – 100 адамға дейін;
"Жіңішкеқұм ауылдық клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аумағы (Атанши ауылдық округі, Жіңішкеқұм елді мекені, Жіңішкеқұм көшесі № 106), шекті толу нормасы – 100 адамға дейін;
"Балықшылар аллеясы" аумағы (Қаратерең ауылдық округі, Қаратерең елді мекені, Жаңақоныс көшесі нөмірсіз), шекті толу нормасы – 100 адамға дейін;
№ 3 ферманың аумағы (Қосаман ауылдық округі, Қосаман елді мекені, Қосаман көшесі нөмірсіз), шекті толу нормасы – 100 адамға дейін;
"Бөген ауылдық клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аумағы (Бөген ауылдық округі, Бөген елді мекені, Бөген көшесі № 186), шекті толу нормасы – 100 адамға дейін;
"Жастар алаңы" аумағы (Аманөткел ауылдық округі, Аманөткел елді мекені, Аманөткел көшесі нөмірсіз), шекті толу нормасы – 120 адамға дейін;
"Тағзым алаңы" аумағы (Аралқұм ауылдық округі, Аралқұм елді мекені, Аралқұм көшесі нөмірсіз), шекті толу нормасы – 120 адамға дейін;
"Тағзым алаңы" аумағы (Октябрь ауылдық округі, Шижаға елді мекені, Шижаға көшесі нөмірсіз), шекті толу нормасы – 150 адамға дейін;
"Қамыстыбас ауылдық клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аумағы (Қамыстыбас ауылдық округі, Қамыстыбас елді мекені, Қамыстыбас көшесі № 367) шекті толу нормасы – 150 адамға дейін;
"Қызылжар ауылдық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аумағы (Райым ауылдық округі, Қызылжар елді мекені, Қызылжар көшесі № 12), шекті толу нормасы – 100 адамға дейін;
"Жаңақұрылыс ауылдық клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аумағы (Жаңақұрылыс ауылдық округі, Жаңақұрылыс елді мекені, Жаңақұрылыс көшесі № 154), шекті толу нормасы – 100 адамға дейін;
"Тағзым алаңы" аумағы (Қарақұм ауылдық округі, Абай елді мекені, Абай көшесі нөмірсіз), шекті толу нормасы – 120 адамға дейін;
"Қосжар ауылдық клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аумағы (Қосжар ауылдық округ, Қосжар елді мекені, Қосжар көшесі № 67), шекті толу нормасы – 100 адамға дейін;
"Ашық алаң" аумағы (Сапақ ауылдық округі, Сапақ елді мекені, Сапақ көшесі нөмірсіз), шекті толу нормасы – 100 адамға дейін;
"Құланды ауылдық клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аумағы (Беларан ауылдық округі, Құланды елді мекені, Құланды көшесі № 61), шекті толу нормасы – 100 адамға дейін;
"Ақбасты ауылдық клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аумағы (Құланды ауылдық округі, Ақбасты елді мекені, Ақбасты көшесі № 30), шекті толу нормасы – 100 адамға дейін;
"Тағзым алаңы" аумағы (Бекбауыл ауылдық округі, Бекбауыл елді мекені, Бекбауыл көшесі нөмірсіз), шекті толу нормасы – 100 адамға дейін;
"Райым ауылдық клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аумағы (Жетес би ауылдық округі, Райым елді мекені, Райым көшесі № 31), шекті толу нормасы – 100 адамға дейін;
"Тағзым алаңы" аумағы (Мергенсай ауылдық округі, Жалаңаш елді мекені, Жалаңаш көшесі нөмірсіз), шекті толу нормасы – 100 адамға дейін;
"Наурыз алаңы" аумағы (Жіңішкекұм ауылдық округі, Тоқабай елді мекені, Тоқабай көшесі нөмірсіз), шекті толу нормасы – 100 адамға дейін;
"Сазды ауылдық клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аумағы (Сазды ауылдық округі, Сазды елді мекені, Сазды көшесі № 23), шекті толу нормасы – 100 адамға дейін.
2) демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу үшін:
А. Байтұрсынов көшесі бойындағы "Темір бақты" белгісінен бастап, А. Иманов көшесінде орналасқан Жалаңтөс Баһадүр ескерткішіне дейін, шекті толу нормасы – 300 адамға дейін.
Бейбіт жиналыстарға қатысушылардың болжамды саны бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормаларынан асып кетпеуі тиіс.
2. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.
3. Жаппай жерлеу орындарында, теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда, қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда, магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда пикеттеуді өткізуге тыйым салынады.
2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі
4. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды. Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде, дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.
5. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін Арал ауданының әкімдігі бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
6. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде, дәл сол бір уақытта, дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.
7. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда тазалықты сақтауы және тәртіпті қолдауы, қалалар мен елді-мекендердің абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулеттік нысандар, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және бұзылуына жол бермеуі, сонымен қатар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 2-тармағы және 6-бабының 2-тармағында белгіленген міндеттерді сақтауы тиіс.
8. Ішкі істер органдары өзінің құзыреті шегінде бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп сақтауды, адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауды, жол қозғалысын реттеуді, өрт қауіпсіздігін,жаппай тәртіпсіздіктің және топтасып бағынбаушылықтың жолын кесуді қамтамасыз етеді.
9. Денсаулық сақтау ұйымдары өзінің құзыреті шегінде бейбіт жиналыстарды өткізу кезіндегі науқастарды қабылдауды және медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады.
10. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыға және атысушыларға мыналарға тыйым салынады:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, жаппай тәртіпсіздіктерге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға үндеуге, билікті басып алуға немесе ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге насихаттауға немесе жария үндеуге;
2) көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуіне, жасыл екпелер мен шағын сәулет нысандарының, өзге де мүліктің сақталуына бөгет жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін әрекеттер жасауға;
3) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін орындауы кезінде олардың қызметіне кедергі келтіруге;
4) өзімен бірге суық, атыс қаруын және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық нұқсан келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген нәрселерді (заттарды, бұйымдарды) алып жүруге;
5) алкоголь өнімін, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді таратумен және (немесе) тұтынумен айналысуға, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуға;
6) денсаулықты сақтауға арналған жеке қорғаныш құралдарын қоспағанда, бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті және (немесе) өзге де заттарды пайдалануға;
7) және жасағаны үшін жауапкершілігі қолданыстағы заңнамаларда белгіленген өзге де құқыққа қарсы әрекеттер.
11. Бейбіт жиналыстарды тоқтату үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық тәртіпке және (немесе) қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатердің төнуі, мүлікке, оның ішінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынның шекті толу нормасынан асып түсу салдарынан нұқсан келтіру;
2) әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыру, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қол сұғуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің басқа да ережелерін бұзуға үндеулер;
3) бейбіт жиналыстарды өткізу нысанын өзгерту;
4) Заңның 17-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайлар басталғанда;
5) ұйымдастырушының бейбіт жиналыс өткізуден бас тартуы;
6) бейбіт жиналыс өткізу уақытының өтуі.
Арал ауданы әкімдігінің өкілі бейбіт жиналыстарды тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан не оларға қатысушылардан бейбіт жиналыстарды өз еркімен тоқтатуды талап етеді және бейбіт жиналыстарды тоқтату туралы талапты орындау үшін уақыт белгілейді.
Бейбіт жиналыстарды тоқтату туралы талап орындалмаған жағдайда ішкі істер органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейбіт жиналыстарды мәжбүрлеп тоқтату жөнінде қажетті шараларды қолданады.
12. Мемлекеттік органдардың, Арал ауданы әкімдігінің, олардың лауазымды адамдарының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
13. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мүмкіндігіне қарай сыртқы электрлік жарықтандыру қондырғылармен, электр желілеріне қосылатын нүктелермен, қоқысқа арналған құтылармен, ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйелерімен қамтылуы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтерге сәйкес абаттандырылған болуы қажет.
14. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
15. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізу үшін арнайы орындарда жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың, қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлғаның, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қаржыландыруына тыйым салынады.
16. Арал ауданы әкімдігінің келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.
4. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
17. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары мынадай болып айқындалсын:
1) жаппай жерлеу орындарының іргелес аумақтың шекарасынан - 300 метр;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан – 500 метр;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан – 3000 метр;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан – 500 метр;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 50 метр.