"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 54-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5477 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 сәуірде "Толқын" газетінде және 2016 жылғы 26 мамырда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қылмыстық істер бойынша тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйым болып "Қызылорда облысының ветеринария басқармасының "Арал аудандық ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны айқындалсын.";
2-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданының әкімі | М. Уразбаев |
КЕЛІСІЛДІ | |
"Қызылорда облысының ветеринария | |
басқармасы" мемлекеттік мекемесімен |